Әрбір мемлекеттің болашағы балабақшадан басталады. Шын мәнінде бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, дені сау, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды рөл болып табылатыны анық. Ел тізгінін ұстар сондай бөбектерді тәрбиелеуде орны ерекше мекемелердің бірі Нұр – Сұлтан қаласындағы №28 «Жұлдыз» санаториялық балабақшасы. Бүгінде бұл балабақшада бүлдіршіндер тек мектепке дейінгі білім мен тәрбиені ғана алмай, салауатты өмір салтын ұстана отырып, болашақ ұрпағымыздың денсаулығына аса көңіл аударылады.
Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «№28 «Жұлдыз» санаториялық балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1964 жылдың сәуір айынан бастап үздіксіз жұмыс істейді. Санаториялық балабақшаға балалар ең алдымен, белгілі бір уақыт аралығанда денсаулығын қалпына келтіру үшін арнайы дәрігердің жолдамасы арқылы келеді. Балабақшаның сыйымдылығы 120 балаға арналған. Қазіргі уақытта балабақшада бес топ бар, оның біреуі орыс, төртеуі қазақ топтары. Балабақшаға балалар 2 жас пен 5 жас аралығына дейін қабылданады. Осы мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленушілерге денсаулықтарын нығайту үшін, барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Біз өз жұмысымызда жаңа әдістер мен бағдарламаларды қолданамыз, оларды енгізу балалалардың интеллектуалды, адамгершілік, эстетикалық, физикалық дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда балабақшамыз балалардың толыққанды білім алуына, дамуы мен денсаулығына қажетті барлық құралдармен жабдықталған. № 28 «Жұлдыз» балабақшасының педагогикалық ұжымының негізгі міндеті отбасымен ынтымақтастықта болу, ата-аналар мен мектепке дейінгі мекеме арасындағы кері байланыс орнату. Ата-аналарымызды мектепке дейінгі тәрбиенің, оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленген бағдарламасымен, балабақшамыздың жетістіктерімен, жеңістері мен марапаттарымен таныстырып тығыз байланыста болу.